RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыбританияға кіру қиындайды

26.02.2026, 07:43 96

Енді визасы жоқ шетелдіктер Ұлыбритания аумағына ETA электронды рұқсатынсыз кіре алмайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, жаңа ереже 85 мемлекеттің азаматтарына қатысты болмақ. Әуе компаниялары мұндай рұқсат болмаған жағдайда жолаушыны ұшаққа отырғызудан бас тартуға құқылы. Құжатты рәсімдеу үш күнге дейін созылады. Құны  16 фунт стерлинг. Бұл шамамен 10 мың теңге. Рұқсат екі жылға дейін жарамды. Туристер өмірбаян және биометриялық мәліметтерді ұсынуы қажет. Билік басындағылар бұл шара Ұлыбритания шекараларының қауіпсіздігін нығайтуды көздейді деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz