RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-Куба шекарасында оқ атылды

26.02.2026, 10:05 102

Куба жағалауында қарулы қақтығыс болды. Елдің шекара күзеті мен АҚШ-тың Флорида штатынан шыққан катер арасында атыс шығып, төрт адам қаза тапты. 

Оқиға Кайо-Фальконес ауданы маңында болған. Куба Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, шекара күзеті күдікті қайықты тексеру үшін жақындағанда  флоридалық борттағы адамдар оқ жаудырған. Қақтығыс барысында кубалық катердің командирі жарақат алды. Ал америкалық қайықта отырған төрт адам қаза тауып, тағы алтауы жараланған. Флоридадан шыққан қайықтағы адамдардың кім екені және  Куба аумағына не себепті өткені әзірге белгісіз. Кейінгі кезде Вашингтон мен Гавана арасындағы қатынас шиеленісіп барады. Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэладағы операциядан кейін Кубаға қатысты жаңа санкциялар мен сауда шектеулерін енгізген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz