RU
Толық нұсқаға өту

Жасанды интеллектінің еңбек нарығына әсері

26.02.2026, 16:30 94

Халықаралық сарапшылардың мәліметі бойынша, әлемде оқушылардың 70 пайыздан астамы болашақта кім болатынын білмейді.

Ал жоғары оқу орындары мен колледждердің 27 пайыздайы ғана алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Еңбек нарығындағы бұл үрдіске не себеп? 

Бельгияда жоғары білім алған түлектерге жұмыс табу қиындады. Жергілікті жұмыспен қамту агенттігінің мәліметі бойынша, 273 мың бос жұмыс орны бар. Бірақ олардың 10 пайызы ғана бакалавр немесе магистр дәрежесін талап етеді. Бұл 8 жылдағы ең төмен көрсеткіш. 2024 жылдың желтоқсаны мен 2025 жылдың қарашасы аралығында қаржы мамандығына сұраныс 29%-ға, мемлекеттік қызмет көрсетушілерге 27%-ға және заңгерлерге сұраныс 23%-ға төмендеген.

2030 жылға қарай әлемде 92 млн жұмыс орны жойылады. Көбіне қайталанбалы және әкімшілік еңбек түрлері келмеске кетеді. Адамның қолымен істелінетін жұмыстардың үлесі 15 пайызға қысқарады. Жасанды интеллект мен автоматтандыру қоғам өміріне дендеп енгелі жұмыс орындары белсенді түрде қысқарып жатыр. Швейцариялық азық-түлік алыбы Nestlé бүкіл әлем бойынша 16 мың, Microsoft 15 мың, McKinsey консалтингтік фирмасы мыңдаған жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр.

Жойылған жұмыстардың орнына 170 млн жаңасы пайда болмақ. Бұл Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі. Былтыр қысқарту деңгейі күрт өсті. Бұған технологиялар мен нейрожүйелердің қарқынды дамуы себеп. Халықаралық еңбек ұйымының зерттеу бойынша, жасыл энергия саласындағы жұмыс орындарының саны 16,2 млн-ға артқан. Осыған орай кейінгі жылдары күн және сутегі технологияларына инвестиция көптеп салына бастады.

Авторы: Ернат Рахметолла

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz