Бразилияда су тасқынынан опат болғандар саны 46-ға жетті. Тағы 20-дан астам адам із-түзсіз кеткен. Әсіресе Жуис-ди-Фора елді мекенінде ахуал қиын.
Мұнда ондаған үй мен инфрақұрылым нысандары қирады. Төтенше жағдай енгізіліп, үш күндік аза тұту жарияланды. 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір Бразилияда жаңбырлы маусым мезгілі. Бұл желтоқсаннан наурызға дейін жалғасып, нөсер жауын соңы су тасқынына ұласып жатады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бразилия #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz