RU
Толық нұсқаға өту

Түркиядағы диаспора жаңа Конституция жобасын қолдайды

27.02.2026, 08:19 50

Жаңа Конституция жобасы шетелдегі қазақ диаспорасының да назарын аударды.

1950 жылдары Түркияға қоныс аударған этникалық қауым Ыстамбұл қаласында алғаш болып қазақ мәдени орталығын құрған.

Бүгінде осы ұйымның өкілдері ұлттық құндылықты сақтап, тарихи байланысты нығайтып келеді. Орталық төрағасы Ілияс Сақаның айтуынша, Қазақстанның дамуы мен саяси жаңғыруы шетелдегі қандастар үшін де маңызды. Бұл бастама елдің басқару жүйесін жетілдіріп, заманауи талапқа сай жаңғыруына жол ашады. Әсіресе Парламент жүйесінің демократиялануы мен Құрылтай институтының нығаюы тарихи сабақтастықтың жалғасы саналады.     

Ілияс Сақа, Түркиядағы қазақ мәдени орталығының төрағасы:

- Біз алыста жүрсек те, жүрегіміз қазақ деп соғады. Қазақстан – біздің Атамекеніміз. Сондықтан елдегі өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз. Ұсынылып отырған Конституциялық жоба – тарихи жаңғырудың жалғасы. Қазақта бұрыннан ақсақалдар құрылтайы болып, маңызды мәселелер сонда талқыланған. Бүгінгі бастама – осы дәстүрдің заманауи үлгіде жаңаруы. Тіл мен дінді сақтау бүтін бір ұлтты сақтаумен тең. Жаңа жобада қазақ тілінің маңызы артып отырғаны бізді ерекше қуантады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz