Қытай 41 мыңнан астам алаяқты қатаң жазаға тартты.
Күдіктілердің бәрі интернет және телекоммуникация арқылы елді алдап, тұзаққа түсіріп келген. Бұл жөнінде Қытайдың Жоғарғы халық соты ресми мәлімдеді. Көрші елдің соты қылмыстың осы түріне қатысты 27 мың істі қарап, қатаң үкім шығарды. Әсіресе екі бірдей трансшекаралық қарулы қылмыстық топ мүшелеріне ауыр жаза кесті. Сот 39 қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал 16 адамға өлім жазасын тағайындады. Айта кету керек, Қытайда кейінгі 5 жылда онлайн алаяқтық бойынша 159 мыңнан астам іс қаралып, 338 мыңнан астам айыпталушы жауапкершілікке тартылған.
Тегтер #Қытай #өлім жазасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz