Американың бірінші ханымы Мелания Трамп биыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық етеді.
Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтз X әлеуметтік желісінде хабарлады. АҚШ президентінің жұбайы 2 наурызға жоспарланған ұйым отырысында қақтығыс жағдайындағы балалар, технология және білім беру мәселелері төңірегіндегі тақырыптарды қозғамақ. Әдетте Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына ауысу бойынша өкілдік ететін елдің елшісі немесе үкіметтің жоғары лауазымды мүшесі төрағалық етеді. Әрі Дональд Трамп билікке келгелі БҰҰ-ны ашық сынап, тиімді реформалар қажет екенін айтып келеді.
Тегтер #мелания трамп #БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz