RU
Толық нұсқаға өту

Иран Араб елдерін зымыранмен атқылады. Live

28.02.2026, 17:10 55

Осыдан бірер сағат бұрын Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әуе базаларына қарсы соққы жасады. Абу Даби, Дубай және Дохада әуе кеңістігі жабылды.

Саудия, Бахрейн, Кувейт астаналарына да Иран зымыран атты. Тегеранның аймақтағы прокси күштері әскери іс-қимылды жандандыра бастады. АҚШ пен Израиль әрекетінен соң ислам мемлекеті жойқын жауап беріп, тұтас аймақтық тұрақтылық шайқалып кетті. 

Дубай мен Абу-Дабиде жағдай тұрақты деуге келмейді. Десе де қала көшелерінде қозғалыс тоқтамай, қоғамдық орындар қалыпты жұмыс істеп жатыр. Соңғы әскери оқиғалар тұрғындардың алаңдаушылығын арттырған. БАӘ Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, ел аумағына бағытталған барлық ықтимал шабуылдар дер кезінде тойтарылған. Әуе қорғаныс жүйелері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Ресми ақпарат бойынша, Абу-Дабиде болған оқиға салдарынан бір адамның қаза тапқаны расталды. Құзырлы органдар мән-жайды анықтап, жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшілігі ел азаматтарына сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертті.

Дипломатиялық өкілдік, азаматтарымыздан адам көп жиналатын орындарға бармауды, ресми хабарламаларды мұқият қадағалауды, қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай орындауды сұрады. Елшілік қазір Әмірліктерде жүрген қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатып, қажет болған жағдайда азаматтарды елге қайтару бағытындағы жұмыс та пысықтап жатқанын мәлімдеді. БАӘ қалаларында қоғамдық тәртіп сақталып тұр. Алайда өңірдегі құбылмалы жағдайға байланысты тұрғындар мен қонақтарға барынша сақ болу керегі ескертілді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz