RU
Толық нұсқаға өту

БАҚ: Иранның жоғарғы көшбасшысы өлтірілді   

01.03.2026, 09:02 64

Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің қазасына байланысты елде қырық күндік аза тұту жарияланды. 

Ислам республикасының рухани көсемі АҚШ және Израиль тарапынан резиденцияға жасалған әуе соққылары кезінде қаза тапты. Бұл туралы Рейтер агенттігі Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына сүйене отырып хабарлады. Ақпаратты Дональд Трамп әлеуметтік желіде растады.

Шабуыл салдарынан Хаменей отбасысының 4 мүшесі, соның ішінде қызы мен немересі қайтыс болғаны жөнінде де айтылады. Еске салайық, кеше Израиль Иран аумағына әуеден бірқатар қуатты соққы жасаған еді. Көп ұзамай АҚШ ауқымды әскери операцияның басталғаны жөнінде мәлімдеді. Әл Жазира телеарнасының мәліметтеріне сүйенсек, Тегерандағы әуежай, әскери нысандар, президенттік және үкіметтік ғимараттардың кешендері мен жоғарғы көшбасшының резиденциясы зақымдалды. Жалпы саны 200-ден астам адам көз жұмды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz