АҚШ пен Израиль шабуылынан соң Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын жауып тастады.
Еуроодақтың аймақтағы әскери-теңіз миссиясының өкілдері кемелерге теңіз бағыты арқылы өтуге тыйым салынғанын айтады. Деректерге сүйенсек, 400-ден астам мұнай және сұйытылған газ танкерлері кептеліп тұр. Ормуз бұғазы – әлемдік энергетикалық қауіпсіздіктің күретамыры. Дүниежүзінде тұтынылатын мұнайдың шамамен 20%-ы және сұйытылған газдың 30%-ы дәл осы су жолы арқылы тасымалданады. Күн сайын бұл жерден 21 миллион баррельге дейін мұнай өтеді. «Бұғаздың жабылуы халықаралық деңгейде үлкен дағдарыс тудырады», - дейді мамандар. Rystad Energy консалтингтік компаниясының сарапшылары бүгін Brent маркалы қара алтын бағасы 20 долларға қымбаттауы мүмкін деп болжайды.
Тегтер #Иран #бұғаз #АҚШ #Израиль #ЕуроодақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz