RU
Толық нұсқаға өту

Иранның лауазымды тұлғалары қаза болды

01.03.2026, 11:09 46

Израильдің Қорғаныс армиясы Иранның жеті жоғары лауазымды тұлғалары мен әскери қызметкерінің көзін жойғаны туралы мәлімдеді. 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Тегеранға жасалған соққы салдарынан жоғарғы көшбасшының жеке кеңесшісі, елдің қорғаныс министрі, Ислам революциясы сақшылар корпусының бас қолбасшысы, барлау бастығы мен өзге де ықпалды шенеуніктер қаза болған. Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекетті басқару уақытша ел президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және конституция сақшылары кеңесінің мүшесіне жүктеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz