Ирандағы қыздар мектебінде қаза болғандар саны 148-ге жетті. 100-ге жуық адам жарақат алған.
Бұған дейін АҚШ пен Израиль жасаған соққылар кезінде зымырандардың бірі білім ошағына түскенін айтқан едік. Қайғылы жағдай елдің оңтүстігіндегі Минаб қаласында болған. Шабуыл кезінде мектепте сабақ өтіп жатқан. Қазір қирандылар маңында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан өзге Ламерд қаласындағы спорт кешеніне жасалған соққы салдарынан тағы 20 адам опат болды. Шаһар орналасқан Фарс провинциясына жалпы саны 4 зымыран құлаған.
Тегтер #Иран #мектеп #қаза болғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz