Таяу Шығыстағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты мыңдаған турист үйлеріне қайта алмай отыр. Дубай, Абу Даби және Дохадағы негізгі транзиттік тораптар жабылды.
Әуе компаниялары жанжал аймағын айналып өту үшін ұшақ бағыттарын өзгертуге мәжбүр. Флайрадар мәліметтеріне сүйенсек, аймақтағы жеті ірі әуежайда 3400-ден астам рейс тоқтатылған. Тасымалдаушылар жолаушыларға рейс кестесін алдын ала тексеруді ұсынады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #әуе рейстеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz