Отандық әуе компаниялары Таяу Шығыста қалып қойған жолаушыларға қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі берілді.
Қазіргі уақытта Дохада 174 жолаушы, Делиде 231 жолаушы, Дубайда 330 жолаушы уақытша орналастырылды. Сонымен қатар әуе компаниясы Дубай қаласындағы қонақ үйлермен тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін жолаушылар үшін арнайы тарифтер ұсыну жөнінде келісімге келді. Ал қиындықтар туындаған жағдайда жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс желілеріне тез уақытта хабарласу керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #жолаушылар #қонақ үйPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz