Қазақстанның шетелдегі мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұған Таяу Шығыс елдеріндегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі себеп.
Қазір Сыртқы істер министрлігі құзыретті мемлекеттік органдармен және шет мемлекеттердің билік құрылымдарымен тәулік бойы өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар отандастарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Ол үшін шұғыл байланыс желілері ашылды. Қақтығыс аймағында жүрген азаматтарымыздың саны туралы, ақпарат жиналып, оларды қақтығыс аймағынан шығару бойынша шаралар мен бағыттар пысықталып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #қазақстандықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz