RU
Толық нұсқаға өту

Қатардағы отандастарды эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр

01.03.2026, 19:25 78

Дохада рейстердің тоқтатылуына байланысты жүз шақты отандасымыз жолынан қалды. Қазір Қатар астанасындағы ахуал тұрақсыз.

Қаланың әр шетінен, оқтын-оқтын жарылыс дыбыстары естіледі. Билік тұрғындарға үйден шықпауға және әскери базалардың маңына жоламауға кеңес береді. Қазақстандықтар елшілікпен байланысқан соң, қонақ үйге орналасқан. Қазір оларды эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Шолпан Аянғалиқызы, турист:

- Сырттан келіп жатқан қазақтар өте көп. Қазір Елшілікке арнайы келген азаматтардың деректерін, жеке ақпараттарын жинауымыз керек болып тұр. Себебі кеше, бүгін, ертең ұшатын рейстердің барлығы жабық. Кеше 100 шақты халық келген болса, бүгін тағы да сондай халық жиналып жатыр. Егер таныстарыңыз, туыстарыңыз осы Қатарда жүрген болса, бірден хабарласса дейміз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz