Дәл қазір Иран ғана емес, Израиль қалаларында да дабыл сиреналарына дамыл жоқ.
Өйткені, Тегеран Тель-Авивке қарай баллистикалық зымырандарды тоқтаусыз жаудырып жатыр.
Кейінгі дерек бойынша, Иерусалимде 6 адам жараланды. Ал Бейт-Шемеш қаласында 9 адамның өмірі қиылды. Мұнда ғибадатхана ғимаратына зымыран сынықтары түскен. Әскерилер тұрғындарға бомбаханаға жақын маңда болуды ескертті. "Иранға қарсы қарулы операция ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан бүкіл Израиль халқы бұған дайын болуға тиіс, дейді Израиль армиясының генералы Эяль Замир.
БиБиСи-дің кейінгі мәліметі бойынша Иранда қаза тапқандар саны 200-ден асты. Тағы 700 адам жараланды. Нью-Йорк Таймс басылымының дерегіне сүйенсек, Ислам Республикасына қарсы операция басталғалы, бұл елде 2 мыңнан аса нысанға соққы жасалған. Соның ішінде Ислам Республикасы Сақшылар корпусының штаб-пәтері, баллистикалық зымырандар жасырылған қоймалары жойылды. Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Али Хаменеидің өлімін халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне тікелей шабуыл деп атады.
Тегтер #Израиль #Иран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz