RU
Толық нұсқаға өту

Британия Кипрдегі базаларын АҚШ-тың пайдалануына берді

02.03.2026, 07:21 47

Ұлыбритания Кипрдегі әскери базаларын АҚШ-қа пайдалануға рұқсат берді.

Мұны осы елдің премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеді. Айтуынша, бұл қорғаныс мақсатында қабылданған шешім. Сондай-ақ британ үкімет басшысы Таяу Шығыстағы өз азаматтарының өміріне алаңдаулы. Иранды бұл қақтығысқа қатысы жоқ елдерге шабуыл жасап жатыр деп айыптады. Франция да Шарль де Голль деп аталатын ұшақ таситын ең ірі әскери кемесін аймаққа аттандырды. Бұған Абу-Дабиде әскери базасының Иран тарапынан шабуылға ұшырауы себеп. Сондықтан Бесінші Республика Жерорта теңізіндегі миссиясын тоқтатып, әскерін Таяу Шығысқа жіберді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz