АҚШ-та Капитолий айналасындағы күзет мейлінше күшейтілді.
Өйткені Иранға қарсы әскери операциядан кейін лаңкестік әрекет жасалады деген қауіп басым қазір. Бұл туралы америкалық "Фоксньюс" телеарнасы хабарлады. Десе де, биліктің Капитолийге теракті дайындалып жатыр деген нақты ақпараты жоқ. Атап өтейін, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылы 28-ақпанда басталды. Президент Дональд Трамптың айтуына қарағанда, бұл әскери операция Ислам Республикасының ядролық қаруға ие болмайтынына кепілдік береді.
Тегтер #АҚШ #капитолий #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz