Израиль қорғаныс армиясы Ливан астанасы Бейрут қаласына әуе соққысын жасады.
31 адам қаза тауып, 149-ы жараланды. Шабуылға «Хезболла» ұйымының шекара арқылы зымыран ұшыруы себеп болған. Израиль әскері зымыранның қағып түсірілгенін мәлімдеді. «Хезболла» бұл әрекетті Әли Хаменеи қазасына және Израильдің шабуылдарына жауап деп атады. Осыған байланысты Оңтүстік Ливан тұрғындарына шұғыл эвакуация жарияланып, үйден кемінде 1 шақырым алыстап, ашық аймаққа шығу ескертілді. 2024 жылғы соғыстан кейін толық қалпына келмеген Ливан билігі қарулы топтарды қақтығысқа араласпауға шақырды.
Тегтер #Израиль #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz