Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге ниетті емес. Мұны Ислам Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы кеңесінің басшысы Әли Лариджани әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.
Бұған дейін Тегеран шиеленісті дипломатиялық жолмен реттемек деген ақпар тараған еді. Алайда Иран билігі мұны жоққа шығарды. Ислам Республикасының ядролық бағдарламасына қатысты соңғы келіссөз 26 ақпанда өтті. «Сол кезде Иран мен Оманның Сыртқы Істер министрлері «алға ілгерлеу бар» десе, Құрама Штаттар келіссөз еш нәтиже бермеді», - деген еді. Сөйтіп іле-шала, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль әскери операция бастап кетті.
Тегтер #АҚШ #Иран #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz