Дональд Трамп Иранға жаяу әскер жіберуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ президенті New York Post басылымына берген сұхбатында айтты.
Қазіргі сәтте Вашингтонның Тегеранға шабуылы тек әуе күштері арқылы жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ Ақ үй басшысы әскери операцияның жоспарлағаннан жылдам жүріп жатқанын алға тартты. "Дегенмен соғыстың ұзақтығы қажет болған жағдайда 5 аптадан асуы мүмкін", - деді. Ал АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы шабуыл әлі шарықтау шыңына жетпегенін, бұдан жойқын әрекеттің алда болатынын мәлім етті.
Марко Рубио, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:
- Қазіргі басты назар зымыран қондырғыларын, олардың қорын, өндірісін, шабуылдаушы дрондарын және жаһандық кеме қатынасына қауіп төндіретін әскери-теңіз күштерін жоюда. Әскери әрекеттердің ең ауыр кезеңі әлі алда. Операция қойылған мақсаттарға жеткенге дейін жалғаса береді. Бұл миссия үшін құрлықтағы әскерді тарту қажет деп есептейміз. Қазіргі таңда құрлық күштерін енгізуге дайындық жасалып жатқан жоқ. Алайда президенттің мұндай таңдау мүмкіндігі әрдайым бар. Ол ешқашан қандай да бір нұсқаны толық жоққа шығармайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz