Таяу Шығыстағы бірқатар елде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.
Дипломаттар жергілікті билік органдарымен және ел азаматтарымен тұрақты байланыcта. Бүгінде отандастарымыздың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Соңғы деректер бойынша шиеленіс аймақтарында Қазақстан азаматтарының басым бөлігі танымал туристік бағыттарда, қажылық сапарда және транзиттік хабтар шоғырланған аймақтарда жүр. Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде шамамен 3,5 мың, Сауд Арабиясында 3 мыңға тарта және Қатарда 1,5 мыңға жуық адам бар. Ал Иранда 82, Бахрейнде – 168, Кувейт пен Иорданияда – әрқайсысында 134, Израильде 100 Қазақстан азаматы тіркелген. Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабық тұр. Осыған байланысты қазақстандықтарды қонақ үйлерге орнластырып, тамақпен қамту жағдайлар ұйымдатырылуда. Бұған дейін Тегераннан 50 қазақстандық шығарылған. Таяу Шығыстан эвакуациялау үшін сол өңірдегі бірқатар елмен келісім жасалды. Эвакуациялық рейстерге ең алдымен қарттар,әйелдер мен балалар жіберіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #қазақстандықтар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz