RU
Толық нұсқаға өту

Таяу Шығыста жолаушыларға жол жабық

03.03.2026, 08:20 52

Таяу Шығыстағы жағдай халықаралық әуежайларда дүрбелең туғызды.

Қазір Азияны Еуропа, Африка және Батыспен жалғайтын негізгі 3 әуежайдың жұмысы тоқтап тұр. Ал жолаушылар қайда барарын білмей дал. Мұндай жағдай бұған дейін тек COVID-19 пандемиясы кезінде болған, - дейді сарапшылар. Әлемдік әуе қозғалысын бақылап отырған Flightradar деректеріне сүйенсек, қазір 7 халықарық әуежайда 2 мыңдай рейс тоқтап тұр. 

Таяу Шығыста әлемдегі ең ірі халықаралық әуежайлар орналасқан. Оның қызметін үш ірі әуе компания пайдаланады. Атап айтқанда, Дубайдағы Emirates былтыр 85 елге 180 600 рейс орындап, 55,6 млн жолаушыны тасымалдады. Ал Абу-Дабидегі Etihad әуекомпаниясы 22,4 миллион жолаушыны діттіген жеріне жеткізсе, Қатардың Qatar Airways-ы 86 елге, 198 303 рейс жасап, 54,3 млн адамның көктегі қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Emirates, БАӘ, Дубай - 55,6 млн жолаушы, 180 600 рейс, 85 ел 

Etihad, БАӘ, Абу-Даби - 22,4 млн жолаушы,

Qatar Airways, Қатар - 54,3 млн жолаушы, 198 303 рейс, 86 ел

Әуе жолдарының жабылуына байланысты рейстер әзірге тоқтатылды. Қазір жолаушылар әуежайды паналауға мәжбүр. Таяу Шығыс елдерінен шығатын да, кіретін де жол жабық. Бірқатар әуе компаниясы шұғыл түрде рейстерін тоқтатты. Соның ішінде Германияға тиесілі Lufthansa Тель-Авив, Тегеран, Оман, Ливан, Иордания, Ирак, Дубай бағытындағы барлық рейсін кейінгі қалдырды. Air France, Turkish Airlines, IndiGo әуе компаниялары да аталған бағытқа ұшпайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Джиддадағы Абдулазиз және Тель-Авивтегі  Бен-Гурион халықаралық әуежайлары өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Ұмрадан қайту қиындады  

Джидда демекші, бұл қала – Сауд Арабиясындағы маңызды қала. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен дәл осы жерден миллиондаған адам Мекке мен Мединеге, қажылыққа аттанады. Былтыр әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған турист келген. Биыл да адам қарасы көп. Мұсылман қауымы үшін айрықша мәнге ие Рамазан айының алғашқы 10 күнінде әл-Харам және Набави мешіттеріне 32 миллион адам жиналған. Алайда, кейінгі жағдай көптің көкейінде күмән ұялатып отыр. Бұған қатысты Сауд Арабиясы әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Ашықдереккөздердегі мәліметке сүйенсек, қазір Сауд Арабиясында қажылыққа барған 59 мыңға жуық Индонезия азаматы қалып қойған.

Хендрик Гунаван Харахап, жолаушы:

- Кестеде ешқандай өзгеріс жоқ. Джакартадан Джиддаға дейінгі маршруттар транзиттік аялдамаларды қамтымайды, сондықтан оларға әсер етпейді. Мәселелер негізінен Сингапур немесе Малайзия арқылы, содан кейін шабуыл жасалуы мүмкін Маскатқа транзитпен жүретін рейстерге қатысты.

Фрэнсис, жолаушы:

- Qatar Airways компаниясына хабарласуға барынша тырысып жатырмыз. Қолжетімді жалғыз нұсқа - олардың қосымшасы. Бірақ біздің рейс тізімде жоқ. Мән-жайды анықтайын десем, байланысқа шығу қиын болып тұр. Біз мұнда бір апта тұра алмаймыз. Біз оларға балама рейсті табуға көмектесу үшін әлі де хабарласуға тырысамыз.

Таяу Шығыста жолаушыларға жол жабық

Азаматтық авиация бекіткен ереже бойынша рейс кейінге шегеріліп, не ұшақ ұшпайтын болса әр жолаушы әуе компаниясынан төлемақы талап етуге құқылы. Бірақ жағдай қақтығысқа қатысты болғасын,  әуе компаниялары бұл жауапкершілікті толық мойнына ала алмайды. Тек уақытша тамақтандыру секілді шаралармен шектелуі мүмкін. Осы себепті бірқатар мемлекет өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін репатрациялық рейстер ұйымдастырады. Мәселен, Ұлыбритания қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде транзиттік бағыт бойынша қалып қойған 76 мың адамды эвакуациялау шараларын ұйымдастырып жатыр.

Элла Джо Роудс, Тұтынушы құқығы бойынша британдық сарапшы:

- Таяу Шығыстағы жағдайды ескере отырып, көптеген әуекомпания кестесін өзгерту, рейстерді тоқтату арқылы сақтық шараларын қолданады. Төтенше жағдай кезінде жолаушылар қосымша өтемақы сұрай алмайды.

Жағдай ушықса Парсы шығанағында туристік секторға ауыр соққы болғалы тұр. Дубайдағы қонақүйлер мен пәтерлер шабуылға ұшырады. Туристік компаниялардың да акциялары түсіп жатыр. Бұл дүрбелеңнің қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz