Қазақстанның Конституциясының жаңа жобасында ұлттық және халықаралық тәжірибе нақты ескерілген.
Қазақ елінің ұлттық ерекшеліктері мен қазіргі әлемдік даму үрдістері көрініс тапқан. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Сунь Чжуанчжи осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, халықаралық жағдай құбылып тұрған шақта мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру дер кезінде қабылданған шешім.
Сунь Чжуанчжи, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры:
- Реформаны жүзеге асыру кезеңінде уақыт аса маңызды. Қазіргі халықаралық жағдай өте құбылып тұр. Әсіресе Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуал өзгеріп келеді. Осындай кезеңде конституциялық реформаны жүргізу мемлекет дамуының жаңа белесіне өтуге берік құқықтық негіз болады. Бұл басталған өзгерістерді жүйелі түрде жалғастырып, елдің болашақ дамуын айқындауға жағдай жасайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #Қытай #сарапшыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz