Бельгиядағы 106.3 AFM радиосы Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын ұлықтады.
Әуе толқынында 2 сағат бойы ұлт мақтанышының әндерін әуелетті. Студия қонақтары алдымен Қазақстанның әнұранын орындады. Бұл біздің елге деген ерекше құрметтің белгісі. Эфир кезінде Димашты ерекше дәріптейтін Dears-тар, Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің өкілі және тағы бір отандасымыз әншіге қатысты жаңалықтарымен бөлісті. Димаштың Қытайда таяуда ашылған халықаралық продюсерлік жобасы жайлы ақпарат берді. Әншінің БҰҰ-ның жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде жасап жатқан игі істерін де дәріптеді. 6 құрлықтан онлайн қосылған тыңдармандар сұрақтарын жаудырып, әншіге деген жүрекжарды лебізін жеткізді. Бағдарлама барысында Димаштың 8 әні беріліп, радиоэфир ютуб арнасына жүктелді.
Себастьен Гратье, AFM радиосының жүргізушісі:
- Ол жүрегі кең, ерекше талантты адам. Дауысының диапазоны өте кең. Әлемдік жұлдыздармен бірге ән шырқап, шығармашылығымен тәнті етіп жүр. Димаш туралы бағдарлама жүргізу мен үшін бақыт.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бельгия #Димаш #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz