АҚШ президентінің зайыбы Мелания Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Нью-Йорктегі жиын қарулы қақтығыстар жағдайында балаларды қорғау мәселесіне арналды. Айта кетерлігі, кеңес отырысына тарихта алғаш рет мемлекеттің бірінші ханымы төрағалық етіп отыр. Әдетте бұл міндет президент, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері немесе тұрақты өкілдерге жүктеледі. Мелания Трамп қазіргі қиын-қыстау кезеңде АҚШ бүкіл әлемдегі балаларды қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ жақын арада дүниежүзінде бейбітшілік орнайтынына үміт білдірді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Мелания ТрампPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz