RU
Толық нұсқаға өту

Әмірлікте қайыршылар көбейді

03.03.2026, 14:30 72

Дубайда қасиетті Рамазан айы басталғалы қоғамдық орындарда қайыр тілеп, садақа сұраушылар көбейді.

Оларды жергілікті полиция қатаң жауапқа тартып жатыр. Бұл жөнінде әмірліктің Ислам істері жөніндегі департаменті хабарлады. Елде негізінен мұндайға қатаң түрде тыйым салынған. Кейінгі 10 күнде осындай күдікпен 26 адам қамауға алынды. Олар топ болып әрекет етіп, оңай олжаға бірнеше автокөлік мініп үлгерген. Қайыр-садақа сұрарда бала еңбегін де пайдаланған. Тергеу кезінде кейбірінің әмірлікте тұрақты мекенжайы болмай шықты. Яғни араб жеріне сырт мемлекеттен барып, заңсыз кәсіппен айналысқан. Көпшілікке аянышты болып көріну үшін жұпыны киінген. Жергілікті билік садақаны тек ресми тіркелген қайырымдылық ұйымдарының есепшотына аудару керегін ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz