RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп: АҚШ Ормуздағы танкерлерді қорғайды

04.03.2026, 07:54 45

АҚШ әскери-теңіз күштері қажет болған жағдайда Ормуз бұғазы арқылы өтетін танкерлерді қорғайды. Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді. 

Ақ үй басшысы: «Әлем елдеріне тасымал үзілмейді», - дейді. Бұған қоса, Президент пәрменімен Парсы шығанағы арқылы өтетін теңіз саудасын қаржылық тұрғыдан қорғау үшін АҚШ-тың даму қаржыландыру корпорациясына арнайы сақтандыру мен кепілдік беру тапсырылды. Сондай-ақ Дональд Трамп Ирандағы соғысқа қатысты пікір білдірді. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Ирандағы әскери операцияның ең қолайсыз сценарийі – олардың әскери әлеуетін жойғаннан кейін, билік басына бұрынғыдай тұлғаның келуі. Әрине біз мұны қаламаймыз. Бес жылдан кейін «бәрін өзгерту үшін әрекет еттік, бірақ нәтиже шықпады» деп өкінетіндей жағдай болмаса дейміз. Біз ол жерде халық мүддесін ойлайтын, елді дамытатын адамның келгенін қалаймыз. Ал халықтың өзі қалай шешетіні уақыт еншісінде. Біз оларға «әзірге көшеге шықпаңдар, наразылық білдіруге асықпаңдар» дедік. Қазір әуеден соққы жасалып жатыр.

Дональд Трамп бұл ұстанымын Ақ үйге Германия канцлері арнайы келген сәтте мәлімдеді. Ол Фридрих Мерцке неміс әскери базаларының аумағына АҚШ әуе күштерінің қонуына мүмкіндік жасағаны үшін ризашылық білдірді. Ал АҚШ әскерилерін қолдамаған Испанияға кіжініп, Мадрид пен Вашингтон арасындағы сауда байланысын үзуге пәрмен берді.

АҚШ Испаниямен сауда байланысын тоқтатады

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- «Испания өзін өте қолайсыз қырынан көрсетті. Сондықтан мен Скотт Бессентке Испаниямен барлық экономикалық байланыстарды тоқтатуды тапсырдым. Менің ұсынысыммен Еуропаның көптеген елдері қорғаныс шығындарын 5 пайызға дейін арттыруға келісті. Ал Испания бұған қосылмады. Олардың бұл қадамы достыққа жатпайды. Испания – НАТО ішінде қорғаныс шығындарын 5 пайызға арттыруға келіспеген жалғыз ел болды. Сондықтан біз Испаниямен сауда қатынастарын тоқтатамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz