RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ мұнай бағасын тұрақтандыруға кірісті

04.03.2026, 08:07 46

АҚШ мұнай бағасын тұрақтандыруға әрекет қылып жатыр. Ирандағы қақтығыстан кейін «қара алтын» бағасы күрт көтерілді.

АҚШ-Израиль мен Иранның өзара қарымта шабуылдары кезінде Таяу Шығыстағы кейбір мұнай-газ нысандарының жұмысы тоқтап, Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы үзілді. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың хабарлауынша, осы елдің Қаржы және энергетика министрлігі мұнай бағасының көтерілу салдарынан туындаған дағдарысқа қарсы арнайы жоспар дайындау үстінде. Рубио: «Вашингтон мұнайдың қымбаттауын алдын ала күтті және соған дайындық шараларына ерте қамданды», - деп мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz