RU
Толық нұсқаға өту

Бельгия Францияға әскери базасын беруі мүмкін

04.03.2026, 12:50 119

Бельгия Францияға әскери базаларын қолдануға рұқсат беруі мүмкін. Бұл Парижге ядролық қару тасымалдайтын ұшақтарына ұшып-қонуға мүмкіндік береді. 

Мұны Бельгия Сыртқы істер министрі Максим Прево елдегі телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді. Кеше президент Эммануэль Макрон Франция ядролық қару санын көбейтетінін жеткізді. Осылайша, ол қарт құрлықты «ядролық қолшатыр» жүйесімен қорғауды қолға алмақ. «Бесінші Республика Бельгияны да қауіпсіздік кепілдігіне қосуға ниетті», - дейді Сыртқы істер министрі Максим Прево.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz