Бұған Таяу Шығыстағы шиеленіс себеп. Жағдайға Оңтүстік Кореяда инвесторлар алаңдап, құнды қағаздарын жаппай сатуға көшті.
Сөйтіп, 20 минутта Kospi индексі 8 пайызға бір-ақ арзандады. Құлдырауды тоқтату үшін қор нарығы уақытша жабылды. Алайда бұдан соң жағдай тұрақталған жоқ. Үзілістен кейін Kospi индексінің саудасы 12 пайызға дейін төмендеді.
Жапония қор нарығы да минусқа кетті. 225 компанияның әлеуетін көрсететін Nikkei индексі үш пайыз арзандады. Тайвань, Австралия, Индонезия және Сингапурда да инвесторлар табыс азаяды деп түрлі салалардың акцияларын жаппай сатып жатыр.
Сарапшылардың пайымынша, Азия қор нарығындағы дүрбелеңді президент Трамптың әскери қимылдарға қатысты мәлімдемесі күшейткен. Ақ үй басшысы бұған дейін Иранға қарсы әскери операция ұзаққа созылуы мүмкін деген еді.
Тегтер #Азия #қор нарығы #Таяу Шығыс #Оңтүстік КореяPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz