Көлік жүргізушілері сұйық отынның бағасы шарықтап кете ме деген уайыммен жүр. Өйткені Таяу Шығыстағы шиеленіс жаһандық мұнай нарығына әсер етті.
Қара алтын бағасы 80 доллардан асып түсті. Ресми Тегеранның Ормұз бұғазындағы кеме жүрісін шектеуі де әсерін тигізді. Ал Оңтүстік Корея осы аймақтан келетін мұнай импортына қатты тәуелді. Сарапшылар Иранға қарсы әскери операция ұзаққа созылса, қара алтынның бағасы 100 доллардан асуы мүмкін деп топшылайды.
Сауалнама:
- «Біз мұнай өндірмейміз. Қазір әлемдегі жағдай тұрақсыз. Бұдан бөлек, ұлттық валютамыз да құнсызданып барады. Мұның бәрі халықты алаңдатады».
- «Билік елде бір жылға жететін мұнай қоры бар дейді. Бірақ валюта әлсіреп жатқанда, бейжай отыра алмаймыз».
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #корея #жанармай #тұрақсыздықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz