RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Эквадорда әскери операция бастады

04.03.2026, 19:20 59

АҚШ қарулы күштері енді Эквадорда әскери операция бастады. Олар жергілікті құзырлы органдармен бірігіп, есірткі тасымалына қарсы күреседі.

Бұл туралы Вашингтонның Оңтүстік қолбасшылығы мәлімдеді. Бірақ Эквадор қорғаныс министрлігі операцияға қатысты мәліметтің құпия екенін хабарлады. Бұған дейін ел президенті Даниэль Нобоа есірткіге қарсы күрестің «жаңа кезеңі» басталғанын айтқан еді. Кейінгі жылдары Эквадор арқылы халықаралық нарыққа жөнелтілген кокаин көлемі күрт артты. Колумбия мен Перуде өндірілетін кокаиннің шамамен 70 пайызы дәл осы елдің порттары арқылы тасымалданған. Салдарынан Латын Америкасындағы ең қауіпсіз елдердің бірі саналған Эквадорда қылмыстық топтар арасындағы қақтығыс күшейіп, зорлық-зомбылық көбейген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz