Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтарды елге қайтару мақсатында Атырау қаласынан Сауд Арабиясының Жидда әуежайына арнайы ұшақ аттанды.
Рейсті «Air Astana» әуе компаниясы орындайды. Ұшақ бүгін сағат күндізгі төртте әуеге көтерілді. Жоспар бойынша, борт 5 наурыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында Атырауға оралады. Әуе кемесінде 181 жолаушыға арналған орын бар. Бұған дейін 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні Атырау қаласына Сауд Арабиясының Медина және Жидда қалаларынан 498 жолаушы жеткізілген болатын. Олардың басым бөлігі қажылық сапарынан қайтып келе жатқан азаматтар. Бүгін таңертең аталған жолаушылар Астана және Алматы қалаларына ұшып кетті.
Жаңыл Рысбайқызы, Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының бас директоры:
- Бүгін сағат 4-те Атырау әуежайынан Жидда қаласына Air Аstana-ның ұшағы ұшып кетті. Жидда қаласынан біздің отандастарымызды жинап, эвакуациямен 5 наурыз сағат 5-те оралуы керек. Содан 2 сағаттан кейін Алматы әуежайына ұшып кетеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #эвакуацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz