RU
Толық нұсқаға өту

Иран дрондары Әзербайжанға құлады

05.03.2026, 16:15 58

Ираннан ұшырылған екі бірдей әскери дрон Әзербайжанға құлады. Ұшу аппараттарының бірі Нахчыван әуежайына түсті. 

Мұнда терминал ғимараты бүлініп, екі адам жараланды. Ал екіншісі Шекерабад елді мекеніндегі мектептің жанына құлаған. Баку Ислам Республикасының елшісін дереу Сыртқы істер министрлігіне шақырып, наразылық нотасын тапсырды. Сондай-ақ шабуылға қатысты түсініктеме беруді тездетуді талап етті. Бұдан бөлек, бұл жағдай қайталанбас үшін тиісті шара қолдануға шақырды. Әйтпесе, қарымта жауап беруге мәжбүр болатынын ескертті.    

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz