Түркия 90 мың Иран азаматын шекарадан өткізуге дайын. Бұл туралы Hürriyet басылымы Анадолы елінің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазір АҚШ, Израиль және Иран арасындағы соғыстың ушығуына байланысты миграциялық жұмыстарды бастап кетті. Шекарадағы барыс-келісті қадағалау үшін буферлік аймақ құру және соғыстан қашқан халықты орналастыру мәселелері қаралып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарғанда, шекарадағы жағдай тұрақты. Өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Көлік кептелісі жоқ. Ал Иран Қарулы күштері Түркияның егемендігіне құрметі бөлек екенін мәлімдеп, бұл аумаққа ешқандай зымыран ұшырмағанын жеткізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркия #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz