RU
Толық нұсқаға өту

2,5 млрд адамның құлағы естімей қалуы мүмкін

06.03.2026, 08:00 62

Енді бір 25 жылда әлем бойынша 2,5 млрд адамның құлағы естімей қалуы мүмкін. Ал әр оныншы азамат осының кесірінен мүгедек болып қалуы ғажап емес.

Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келтірген мәліметі. Құлақ мүкістігі жас талғамайды. Қарттар былай тұрсын, қазір 5-19 жас аралығындағы 95 млн адамның есту қабілеті нашарлаған. Бұған бір жағынан құлаққаптарды жиі пайдалану да әсер етеді. Мамандар бұл кеселдің белгілерін дер кезінде анықтап, емдеу шараларына ертерек кірісуге шақырады. 

Кайла Кирк, Векснер университеті Медициналық орталығының аудиологы:

- Көбінесе есту қабілеті біртіндеп нашарлайды. Бірнеше алғашқы белгілерін атап өтуге болады. Мысалы, фондық шу, бәсең шыққан дыбысты қабылдаудағы қиындықтар немесе сөздерді анық түсінбеу. Сондай-ақ құлақтың шуылдауы байқалса, тексерілген дұрыс. Миды әрдайым дыбыстық ақпаратпен қанықтырып тұру қажет. Егер уақытында ем-дом қабылдамаса, бұл әлеуметтік оқшаулану мен өмір сапасының төмендеуіне әкеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz