RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та Ирандағы мектепке соққыны тергей бастады

07.03.2026, 13:15 44

Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы мектепке жасалған соққыға АҚШ әскери күштерінің қатысы бар болуы мүмкін. Бұл туралы кей шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жазды.

NBC News телеарнасының хабарлауынша, аталған секторға жасалған шабуыл АҚШ қарулы күштерінің операциясы аясында жүзеге асқан. Иран билігінің мәліметіне сәйкес, қыздар мектебіне жасалған соққыдан 175 адам қаза тапқан. Бұған дейін Иран билігі бұл шабуылға Израиль армиясын жауапты деп айыптаған болатын. АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет мектепке жасалған соққы жан-жақты тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz