RU
Толық нұсқаға өту

Таяу Шығыстан отандастар оралып жатыр  

07.03.2026, 15:45 50

Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялау жалғасып жатыр.

Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жандандырды. Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам отандасымыз елге оралды. Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылып отыр. 6 наурызда Қазақстанның шетелдегі мекемелері «Заркух» компаниясының 7 қызметкері – Қазақстан азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын қамтамасыз етеді. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 отандасымыз елге қайтарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz