RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Үндістанға мұнай сатып алуға рұқсат берді

07.03.2026, 20:05 48

АҚШ Үндістанға танкерлерге 5 наурызға дейін тиелген Ресей мұнайын сатып алуға рұқсат берді.

Құрама Штаттардың Қаржы министрінің айтуынша, аталған шара Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты туындаған әлемдік энергетика тапшылығын жеңілдетуге сеп болмақ. Осы мақсатта АҚШ Үндістанға 30 күндік лицензия берді. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында президент Дональд Трамп Үндістанның бірқатар тауарына 50 пайыздық, ал Ресей мұнайын импорттауға 25 пайыздық тариф енгізген еді. Қазір теңізде Ресейге тиесілі 145 млн баррель мұнай бар. Тараптар коммерциялық келісімге отырғаннан кейін, аталған "қара алтын" Үнді айлақтарына жіберіледі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz