Дубай халықаралық әуежайы жұмысын қайта уақытша тоқтатты.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәлімдемеге сәйкес, шешім жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Қазір ондаған рейс кешігіп жатыр. Жергілікті билік жолаушыларға ұшу уақытын алдын ала тексеріп, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді ұсынды. Ал ұшақтардың қозғалысын бақылайтын халықаралық әуе мониторинг қызметінің дерегінше, Дубайға қонуы тиіс бірқатар ұшақ Оман әуе кеңістігінде жиналып қалған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Дубай #әуежайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz