Индонезия Бейбітшілік кеңесінің құрамынан шығуы мүмкін.
Бұл туралы елдің Халықтық консультативтік конгресінің төрағасы Ахмад Музани мәлімдеді. Қазір Дональд Трамптың бастамасымен құрылған кеңестің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Оған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы себеп. Ал Индонезия халықаралық ұйымды мемлекеттің мүддесіне қайшы келіп, қақтығыс аймағын тұрақтандыруға жұмыс істемей отыр деп айыптады. Айта кетейік, Индонезия Ақ үй басшысы ұсынған бейбіт жоспар аясында Газа секторына әскер жіберуге дайын екенін алғаш болып мәлімдеген елдің бірі. Сәуір айының басында елден анклавқа шамамен мыңға жуық сарбаз аттануы тиіс болған.
Тегтер #Индонезия #Бейбітшілік кеңесі #24KZ #Иранмен соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz