АҚШ Латын Америкасы мен Кариб аймағындағы оннан астам елдің басшыларымен бірге есірткі картельдеріне қарсы әскери коалиция құрды.
Бұл туралы Дональд Трамп Флорида штатының Дорал қаласында өткен «Американың қалқаны» атты саммитте мәлімдеді. Жаңа ұйым аймақтағы трансұлттық қылмыстық топтарға қарсы бірлесіп күресуді көздейді. Құжатқа сәйкес, қатысушы мемлекеттер барлау мәліметтерімен алмасып, картельдердің инфрақұрылымы мен тасымал жолдарын жою үшін ортақ операциялар жүргізеді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Бүгін біз аймақтағы қылмыстық картельдерге қарсы жаңа әскери коалиция құрылғанын жариялаймыз. Бұл біздің өңір үшін аса өзекті мәселе. Қазірдің өзінде картельдерге қарсы қатаң шаралар қабылданып жатыр, қажет болса қысым одан әрі күшейеді. Теңіз арқылы тасымалданатын есірткі көлемі 96 пайызға азайды. Енді қалған арналарды толық тоқтату міндеті тұр. Жаңа әріптестік «Америка құрлығының картельдерге қарсы коалициясы» деп аталады. Оның басты мақсаты - қылмыстық топтар мен террорлық желілерді толық жою. Бұл үшін сіздердің қолдауларыңыз қажет. Тек олардың орналасқан жерін нақты көрсету керек. АҚШ-тың мұндай операцияларды жүргізуге толық мүмкіндігі бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #есірткіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz