RU
Толық нұсқаға өту

Германияда үй үстіне метеорит құлады

09.03.2026, 17:00 88

Германияда метеориттің бөлшектері тұрғын үйдің шатырына құлап, ғимаратқа зақым келтірді.

Соққыдан шатырда футбол добының көлеміндей тесік пайда болған. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері дереу жетіп, аумақты тексеруге кірісті. Бұған дейін бірнеше өңірдің тұрғындары әлеуметтік желіде аспанда жарқыраған белгісіз құбылысты көргендерін жазған. Куәгерлер оны "жанып бара жатқан зымыранға" ұқсатқан. Осындай жарық ізі Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Бельгия және Францияның кейбір аймақтарында да байқалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz