Түркі мемлекеттері ұйымы Иранның Түркия мен Әзербайжанға бағытталған әрекетін қатаң айыптады.
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ыстамбұлда бейресми кездесу өткізіп, бірлескен мәлімдеме қабылдады. Министрлер Иранның Түркия мен Әзербайжанға қауіп төндіретін әскери әуе соққысын қатаң сынға алды. Кеңес барысында ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі түркі елдеріне ортақ мәселе екені баса айтылды.
Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі:
- Өңірде соғыстың одан әрі ушыққанын қаламаймыз. Түркі мемлекеттері ұйымы осы жағдайда стратегиялық ынтымақтастықты күшейтуі керек. Халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ қағидаттарына сәйкес, ешқандай күш қолданбай, барлық дауларды тек дипломатиялық жолмен шешуіміз қажет. Өйткені ұзаққа созылған шиеленіс тек өңірге ғана емес, жаһандық қауіпсіздік пен халықаралық экономикалық тұрақтылыққа қатер төндіруі мүмкін.
Тегтер #түркі мемлекеттері ұйымы #Иранмен соғыс #айыптау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz