RU
Толық нұсқаға өту

Қытай қару-жарақ импортын қысқартты

09.03.2026, 22:32 136

Кейінгі 5 жылда Қытай қару-жарақ импортын 72 пайызға қысқартты.

Бұл елдегі әскери өнеркәсіптің қарқынды дамып, сыртқы жеткізілімдерге тәуелді емес екенін көрсетеді. Стокгольм халықаралық бейбітшілік зерттеулері институтының дерегіне сүйенсек, Қытайдағы ішкі өндірістің кеңеюіне байланысты 1991-1995 жылдардан бері алғаш рет қару-жарақ импорттаушылардың алғашқы ондығынан шығып қалды. Қазір бұл ел тікұшақтар, әскери ұшақтар мен кемелерге арналған қозғалтқыштар өндірісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Сонымен қатар зымырандық жүйелер, радиолокациялық құрылғылар және жоғары дәлдікті қару өндірісі қарқынды дамып келеді. Қытай әлемдегі төртінші ірі қару өндіруші ел. Сонымен қатар АҚШ, Франция және Ресей көш бастап тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz