Біріккен Араб Әмірліктерінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, қарулы күштер саласының екі қызметкері қаза тапты.
Бұл жайында елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, Дубайдағы тілшіміз Рауан Мыңбай хабарлады. Ресми дерекке сай, сарбаздар жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде опат болған. Алдын ала мәлімет бойынша тікұшақ техникалық ақау салдарынан құлаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл жағдай елдің ішкі қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық туғызды. Билік қарулы күштерді соғыс жағдайына келтіріп, қат-қабат қорғанысқа көшті. Қазір әмірлікте күн сайын ондаған зымыран мен дрон атып түсіріледі. Кейде сынықтары тұрғын үйлер мен ғимарат аумағына құлайды. Дерекке қарағанда, Иран тарапы бұл әуе шабуылдарын АҚШ базаларына қарымта жауап ретінде жасап жатыр.
Тегтер #БАӘ #әскери қызметкер #қаза болғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz