Иран АҚШ-пен енді ешқандай келіссөз жүргізбейді. Парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи америкалық PBS NewsHour телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Тегеран өткен келіссөздерден ащы сабақ алған.
Аббас Аракчи, Иранның Сыртқы істер министрі:
- Америкалықтармен сөйлесу, олармен келіссөздер жүргізу мәселесі қайтадан талқыланады деп ойламаймын. Бұл қақтығыс біздің қателігіміз немесе шешіміміз емес. Келіссөздердің үш кезеңі өтті. Бәрі орнымен келе жатқан. Алайда АҚШ пен Израиль алды да бізге шабуыл жасады, аймақтағы мұнай өндірісі мен тасымалын бұзды. Олар Таяу Шығысқа тұрақсыздық әкелді. Бұл соғыс бізге күштеп таңылды. Біз заңды жолмен өзімізді қорғап жатырмыз.
Ақ үй басшысы да мәлімдеме жасады. Дональд Трамп, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы сәтті жүріп жатқанын және әлі де жалғасатынын айтты.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Біз Иранның дрон және зымыран өндірісін талқандай бермекпіз. Олардың дрон атқылау мүмкіндігі 83 пайызға төмендеді. Бұл – жаңа ел құрудың бастамасы. Иранда қазірдің өзінде әскери-теңіз күштері, әуе күштері, зениттік жабдықтар, радарлар, телекоммуникация жоқ. Бәрі жарылып кеткен.
Тегтер #Иран #АҚШ #Трамп #ТегеранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz