RU
Толық нұсқаға өту

Австралия Иранның бес әйел футболшысына саяси баспана берді

10.03.2026, 14:30 25

Иранның футбол әйелдер құрамасының бес ойыншысына Австралия саяси баспана берді. Бұл туралы «Дойче Велле» басылымы жазған.

Австралияның Сыртқы істер министрлігі футболшы бойжеткендердің қауіпсіз орында, полицияның қорғауында екенін хабарлады. Олар Австралиядағы Азия кубогінде Оңтүстік Кореяға қарсы матч алдында мемлекеттік әнұраны шырқалған кезде сөздеріне қосылмай, үнсіз тұрған. Осы оқиғадан кейін футболшылар отанына оралуға қорқады. Дональд Трамп Австралия билігін оларды қорғауға шақырып, олай болмаған жағдайда АҚШ-қа алдыратынын айтқан еді. Футболшылардың қалған бөлігі Иранған қайтатынын, отбасы үшін алаңдайтынын жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz